Елімізде қандай өнімдерді тұтыну қауіпті?

666

Тексерілген 28 мың тауар түрінің 15%-ы талапқа сай болмай шықты.  

Елімізде қандай өнімдерді тұтыну қауіпті?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті.

"Жыл бойы пандемияға қарамастан тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау жүргіздік. Осылайша, тамақ өнімдерін мониторингтеу жұмысының қорытындысы бойынша 28 мың түрлі тауар тексерілді. Оның ішінде 15%-ы техникалық талаптарға сай болмай шықты. Атап айтқанда құс еті 13,2%, ет 12,4%, сүт 12%, кондитерлік өнімдер11,8%, балық өнімдерінің 11,1%-ы, өзге де тамақ өнімдерінің 39,5%-ы талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болды",  деді ол.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу