Елімізде қанша адам коронавируспен ауырып жатыр

742

Елімізде өткен тәулікте коронавируспен 1 844 адам тіркелді, деп хабарлайды  inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде қанша адам коронавируспен ауырып жатыр

Сондай-ақ 1 984 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Осылайша, елге індет келгелі 923 060 адам бұл инфекцияны жұқтырса, бүгінде олардың 866 242-сі жазылған.

ДСМ-нің бүгінгі мәліметі бойынша, 51 318 адам коронавирус инфекциясынан (44 971 КВИ+ және 6 347 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 467 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 634 адамның жағдайы ауыр, 165 пациенттің жағдайы өте ауыр, 103 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу