banner

Елімізде қанша зейнеткер бар?

590

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері – 108 993 теңге.  

Елімізде қанша зейнеткер бар? Фото: gov.kz

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны – 2 млн 268 мың адам, деп жазады inbusiness.kz Еңбекминінің сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген.

Ақпаратқа сәйкес, биылғы қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 млрд тг бөлінген. Атап айтқанда, базалық зейнетақыны төлеуге – 74,6 млрд тг, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 170,5 млрд теңге жұмсалған.

"2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу