Елімізде қаңтар айында 200 млн теңге жалақы берешегі анықталды

1163

Елімізде қаңтар айында 200 млн теңге жалақы берешегі анықталды

Ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инпекторларымен 44 кәсіпорында 348 жұмыскер алдында 200 млн теңге соммасындағы ағымдағы жалақы берешегі анықталды. Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 40 ұйғарым беріліп, 4 млн теңге соммасында 20 әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлады еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қолданылған шаралар нәтижесінде 50 млн теңге соммасында жалақы берешегі төленді.  300-ге жуық жұмыскердің құқықтары қорғалды, оның ішінде республиканың 3 кәсіпорнында қолданылған шаралар нәтижесінде 158 жұмыскердің алдындағы жалпы соммасы 17 млн теңге, "СП Sareco" ЖШС – 118 жұмыскер алдында 14,9 млн теңге (Ақмола облысы), "Жамбылгипс" ЖШС – 23 жұмыскер алдында 1,1 млн теңге, "Жамбылгипсстрой" ЖШС – 12 жұмыскер алдында 1 млн теңге (Жамбыл облысы)  болатын жалақы берешегі толығымен төленді.

Қазақстан Республикасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен жалақы берешегін анықтау және оны жоюға бағытталған нысаналы шараларды қолдану одан әрі жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу