Елімізде қара металлургия экспорты импорттан екі есе жоғары

927

Дегенмен, Ресей елінен импортқа тәуелділік төмендемей отыр.  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өндіріс көлемін арттыру үшін елімізде жаңа жобалар қолға алынғанын хабарлады. 

Елімізде қара металлургия экспорты импорттан екі есе жоғары Фото: inform.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде "Ашық сағат алаңы" аясында Индустриялық даму комитетінің қара металлургия және көмір өнеркәсіп басқармасының басшысы Жанат Игісінов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

2017-2021 жылдары қара металлургия экспорты импорттан екі есеге өскен. 2021 жылы ол 484,1 млн долларды құраған. экспортқа негізінен ферроқорытпа, тегіс прокат және шыбық темірлер шығарылады. Қара металл өнімдерінің 35%-ы Ресейден,  17%-ы Қытайдан, 11%-ы Өзбекстаннан әкелінеді.

Қазіргі таңда министрлік болат өнімдеріне Ресейден импортты азайту үшін болат өнімдерін елімізде елімізде жаңа кәсіпорындар ашу мүмкіндіктерін қарастыруда.

Ұлттық экономиканы сапалы темір өнімдерімен қамту үшін "Қазақсталь" кәсіпорны Қарағанды қаласында "Сарыарқа" өндіріс кешенінің аумағыда жаңа зауыт ашпақ. Өндірістік ғимарат 2023 жылдың екінші тоқсанында салынып, 24 жылы қолданысқа берілмек. Бұл зауыт аясында шығарылатын өнімдер арматура, теміржол дөңгелектерін жасау және де өзге бейілді салаларда қолданылмақ.

Катонка, арматура, 850 тон сұраныс бар.  Лом қара және түсті металлдың сыртқа шығарылуына тиім салынған. Өзбекстандық BI холдингі Алматы маңындағы Заречное ауылы  маңыда жаңа өндіріс орнын ашу үшін техникалық құжат әзірлеудің алғашқы жұмыстарын бастап кетті.

"Азия металл проф" кәсіпорны болат өнімдері,  арматура, катонка, швейлер, холос өзге де өнімдерді шығаруға ниетті. Осы мақсатта инвестор  Шымкенттегі "Жұлдыз" индустриялды аймағына орналасу туралы өтініш жолдаған. Қазір жоба бойынша жобалық сметалық құжат әзірленген. "Кегок" компаниясына электр энергиясын тұтыну туралы тапсырыс жіберілген. Бұл зауыт елімізде жыл сайын 3 млн тоннаға дейін болат өнімдерін шығаруды жоспарлауда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу