Елімізде қатерлі ісікке қарсы екпе егілуі мүмкін

1098

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың пікірінше, В вирустық гепатитінің салдарынан пайда болатын бауыр ісігін В гепатитіне қарсы вакциянация салу арқылы алдын алуға болады.   

Елімізде қатерлі ісікке қарсы екпе егілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов вакцинацияның көмегімен онкологиямен күресу туралы мәселені қайта қарамақ, деп хабарлайды Интерфакс– Қазақстан.

"Жалпы онкологияны 50% алдын алуға болады деп есептеледі. Мәселен, еліміздегі әйелдерде жиі кездесетін жатыр мойнының қатерлі ісігін мүлдем болдырмауға болады. Себебі әлемнің көптеген елінде балаларға, яғни қыз балалар мен ер балаларға адам папиломасы вирусына қарсы екпе егіледі. Вакцинацияны енгізгіміз келді, алайда, бізде қоғамның вакцинацияға деген пікірі кедерегі болды. осының салдарынан бұдан бас тартуға тура келді. Ал әйелдер қатерлі ісік ауруынан қайтыс болып жатыр", – деді Елжан Біртанов бүгін "Нұр Отан" партиясы съезінің панельдік сессиясы барысында. 

"Сондықтан кешенді жоспарда (онкологиялық аурулардың өсуіне қарсы бағытталған) бұл мәселені қайта көтермекпіз, мәселеге қатысты пікірлерді тыңдау керек. Бұл мәселелерді халықпен талқылау үшін парламент пен "Нұр Отан" партиясы қолдау білдірсе", – деді министр. 

Министрдің пікірінше, "В вирустық гепатитінің салдарынан пайда болатын бауыр ісігін В гепатитіне қарсы вакциянация салу арқылы алдын алуға болады".       

"Бізде вакцинация жасау үшін барлық мүмкіндік бар, бірақ вакцинация жасауға қарсы блоктар, адамдарда теріс пікір қалыптастыруда. Нәтижесінде  тек өзіміз ғана қиналып отырмыз. Ал емделуге үлкен қаражат бөлініп қойған", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу