Елімізде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін автокөліктердің шығарылуына тыйым салынған

550

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында қате тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.   

Елімізде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін автокөліктердің шығарылуына тыйым салынған Фото: el.kz

Атап айтқанда министрлік Үкіметінің 2022 жылғы 22 қазандағы №843 қаулысының, атап айтқанда "ҚР аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" құжаттың маңыздылығы мен қоғамға дұрыс жеткізілуін түсіндіруді орынды деп санайды, деп жазады inbusiness.kz министрлік таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

"Бұл қаулы ЕАЭО елдері қол қойған "Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылдың 5-ші сәуірдегі №45 шешімін іске асыру мақсатында қабылданды. Үкіметтің 2023 жылдың 1 ақпанына дейінгі заңды күші бар қаулысы өндірушілерге ABS, ESP, сондай-ақ қауіпсіздік жастықтарымен жабдықталмаған және экологиялық санаты төмендетілген автокөліктерді шығаруға тікелей құқық бермейді", - делінген хабарламада.

Тиісті жүйелермен жабдықталмаған автомобильдерді шығаруға рұқсат алу үшін өндіруші белгілі бір компоненттерді орнатпауына қарамастан көлік модельдерін жеке сертификаттаудан өткізуі және оның қауіпсіз болуы міндетті. Бұл шарт ЕЭК Кеңесінің шешімдерінде қарастырылған.

"Демек, қазір Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін бірде-бір көлік моделі шығарыла алмайды. Сондықтан өндірушілер "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін толық сақтап келеді", - делінген хабарламада.

Осы ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі медиа-кеңістікте тексерілмеген дәйексіз ақпаратты таратқаны үшін заң жүзінде тиісті жауапкершіліктің бар екенін ескертеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу