Елімізде кинотеатр қызметтері бір жылда 14%-ға қымбаттады

300

Бағаның ең көп өсуі Ақмола облысында байқалды. 

Елімізде кинотеатр қызметтері бір жылда 14%-ға қымбаттады Фото: Business FM

Кино-бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар өндіру, дыбыс жазу және музыкалық шығармалар шығару саласындағы қызмет көлемі биылғы бірінші тоқсанда 19,9 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен қарағанда ақшаға шаққанда 75,3%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Өңірлер арасында сектордағы қызметтердің ең үлкен көлемі Алматыға тиесілі: 12,2 млрд теңге. Одан кейінгі орында Астана (5,4 млрд теңге) орналасты. Басқа аймақтарда қызмет көрсету көлемі 229,7 мың теңгеден (Абай облысында) 452,5 млн теңгеге дейін (Шымкентте) өзгерді.

Қазақстанда кинофильмдерді көрсету бойынша қызметтер көлемі бір тоқсан ішінде 10 миллиард теңгеден асқан. Бұл былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ақшалай мәнде 70,9%-ға артық.

Биылғы маусым айының қорытындысына сәйкес, кинотеатр қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 14,1%-ға өскен. Бұл – барлық кезеңдегі ең жоғары көрсеткіштің бірі.

Бағаның ең көп өсуі Ақмола облысында тіркелді: бір жылда +66,7%. Антилидерлер қатарында Шығыс Қазақстан (32,9%), Қызылорда (29,1%) және Абай (25%) облыстары бар. Секторда бағаның ең төмен өсуі Атырау облысында байқалды: +2,2%. Қарағанды облысында бағалар өзгермеген, ал Шымкентте 2,8%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу