Елімізде көтерме сауда көлемі артты

1209

Көтерме сауда көлемінің төрттен үш бөлігін құндық мәнде шағын бизнес қамтамасыз етіп отыр.

Елімізде көтерме сауда көлемі артты

2021 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстандағы көтерме сауда көлемі 9,1 трлн теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 8,3%-ға артық.

Көтерме сауда көлемінің 40%-дан астамы тек Алматы қаржы орталығына тиесілі: 3,7 трлн теңге. Көтерме сауданың айтарлықтай көлемі Нұр-Сұлтан (1,4 трлн теңге) және Атырау облысының (1,2 трлн теңге) үлесінде.

Жалпы қалған өңірлерге 2,8 трлн теңге тиесілі.

Көтерме сауданың айтарлықтай көлемі азық-түлік емес тауарларының үлесінде: 7,6 трлн теңге, нақты мәнде өсім – 15,2%.

Ал азық-түлік тауарларына 1,5 трлн теңге тиесілі: бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға аз.

2021 жылғы 5 айда көтерме сауда көлемінің төрттен үш бөлігі шағын кәсіпорындарға тиесілі болды: 6,9 трлн теңге. Орта кәсіпорындар үлесінде: 1,8 трлн теңге, ірі кәсіпорындар – 373,4 млрд теңге.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу