Елімізде коуч-тренерлердің тізілімі жасалады

251

ICF халықаралық коучинг федерациясы коучтарды оқытатын болады.  

Елімізде коуч-тренерлердің тізілімі жасалады Фото: КазТАГ

Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында сертификатталған коуч-жаттықтырушылардың тізілімі жасалады Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің сенаторлардың сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Үкімет басшысы дамыған мемлекеттерде коучинг қызметі кәсіби стандарттар жүйесі арқылы реттелетінін, қауымдастықтар атқаратын өзін-өзі реттейтін кәсіби жүйеге сүйенетінін баса айтты.

"ICF халықаралық коучинг федерациясымен бірге "Коучинг қызметі (коуч)" кәсіби стандарты әзірленді. Қазіргі таңда ол Ғылым және жоғары білім министрлігінде бекітілу сатысында. Кәсіптік стандарт 9 қызметті қамтиды: бизнес-коуч, мансаптық коуч, лайф-коуч, командалық коуч, көшбасшылық коуч, денсаулық және сауықтыру коучі, кәсіпкерлерге арналған коуч, білім беру коучі, спорттық дайындық коучі. Кәсіптік стандарттың негізінде Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында (career.enbek.kz) сертификатталған коуч-жаттықтырушылар тізілімі жасақталады", – делінген жауапта.

Олжас Бектеновтің айтуынша, коучтарды оқытуды, сертификаттауды және тізілімге енгізуді ICF халықаралық коучинг федерациясы жүргізетін болады.

"Тұтынушылар құқықтарының қорғалуын күшейту және коучтар тарапынан адал мінез-құлықты қамтамасыз ету мақсатында "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға түзетулер әзірленді.Онда коучтардың өзінің кәсіби біліктілігін тану туралы сертификатқа ие болуын, оны тұтынушыға таныстыруды міндеттейтін, сондай-ақ тұтынушыға өзі көрсететін қызметке қатысты жаңылыстыратын ақпаратты, сондай-ақ жалған жарнаманы таратуға тыйым салатын нормалар енгізілді. Алаяқтық құрамы болған жағдайда мұндай фактілер Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес жіктеледі", – деді Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу