Елімізде Құрылтай есімді 10 адам бар

242

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Елімізде Құрылтай есімді 10 адам бар Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Құрылтай есімі және оның нұсқалары бүгінде Қазақстанда өте сирек кездеседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша "Құрылтай", "Курылтай", "Курултай" және "Курлтай" есімдерімен 10 азамат тіркелген. Олардың 6-ауы ер адам, 4-еуі әйел.

"10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ішіндегі ең үлкені – 80 жаста. Қалған төрт адам 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады", – делінген ресми хабарламада. 

Құрылтай есімі және оның нұсқаларын иеленген азаматтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 4 адам. Алматы қаласында 2 адам тұрады.

Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу