2026 жылдың маусым айында Қазақстанның құрылыс саласында баға өсімі жалғасты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жаздың алғашқы айында құрылыстағы баға индексі мамырмен салыстырғанда 101,2%-ды құрады.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының бағасы 1,3% өсті. Орта мерзімді кезеңде өсім одан жоғары: 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда құрылыстағы бағалар 8,1%, ал 2025 жылдың маусымымен салыстырғанда 9,2% артып отыр.
Бір ай ішінде құрылыс материалдарының ішінде ең жоғары өсім мұнай өңдеу өнімдерінде (6,4%) тіркелді.
Қиыршық тас, құм және саздың бағасы 3,6%, ал бетон бұйымдарының бағасы 3,5% көтерілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу