Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6%-ға артты

180

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,6% ұлғайып, 15 067,2 мың м2 құрады.

Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 12,6%-ға артты Фото: Inbusiness.kz

Биыл 11 айдағы құрылыс жұмыстарының көлемі 5 918,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% артық, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, құрылыс жұмыстары көлемінің 2022 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғандағы ұлғаюы ғимараттар (24,9%) мен тұрғын емес ғимараттар (6,8%) құрылысының және жөндеу жұмыстарымен байланысты.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен орындалуы:

  •  жеке ұйымдар – 87,3%
  •  шетелдік ұйымдар – 12,5%
  •  мемлекеттік ұйымдар – 0,2%

Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша 2023 жылғы қаңтар-қарашада ең көп үлес тұрғын емес ғимараттардың (жалпы көлеміне (19,5%), автомобиль жолдарының (14,8%) және тұрғын үйлер (14,2%) құрылысына тиесілі.

2023 жылғы қаңтар-қарашада пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы ауданы 17 296,8 мың м2 құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,6% ұлғайып, 15 067,2 мың м2 құрады.

Олардың ішінде: 

  • 9 107,9 мың м2 – көп пәтерлі үйлер
  • 5 862 мың м2 – жеке үйлер
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу