Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3%-ға өсті

180

Жеті айда саладағы табыс көлемі 5061,1 млрд. теңгеге жетті.  

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,3%-ға өсті Фото: gov.kz

Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (24,7%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 21,4%) және тұрғын үйлердің (13,4%) құрылысы алады. Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдарымен 90,1%, шетелдік – 9,2%, мемлекеттік – 0,7% орындалды.

2026 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстары көлемінің 2025жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда өсуі имараттарды салу және жөндеу жұмыстарына(19,5%) байланысты.

Өңірлік бөліністе республиканың он сегіз өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау облысы (3 есе), Қызылорда (34,9%), Павлодар (32%), Атырау (27,9%), Түркістан (25,7%), Шығыс Қазақстан (24,5%), Абай (23,1%), Қостанай (22,3%), Батыс Қазақстан (17,3%) және Жамбыл облыстарында (14,7%), Алматы қаласында (23,3%) байқалады.

2026 жылғы қаңтар-шілдеде пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 12339 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 3,9% көбейді, 9746мың шаршы метрді құрады, олардан 6546,4 мың шаршы метр – көп пәтерлі және 3157,9 мың шаршы метр – жеке үйлер. Тұрғын үйлердің едәуір бөлігін – 9289,5 мың шаршы метрді немесе 95,3%-ын жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 3321,3 мың шаршы метрді халық пайдалануға берген.

2026 жылғы қаңтар-шілдеде білім беру және денсаулық сақтау саласында 18090 оқу орнына арналған 32 жалпы білім беретін мектеп, 4207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйымдар және ауысымда 198 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ ауруханаға 120 төсек-орынқосымша пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу