Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі артты

125

Аумақтық бөліністе республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемі ұлғайып отыр.  

Елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі артты Фото: gov.kz

2026 жылғы қаңтар-сәуірде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5% өсіп, 1739,5 млрд теңге болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда ұлғаюы ғимараттар салу (41,2%), сондай-ақ құрылыс және жөндеу жұмыстары көлемінің артуымен байланысты.

Аумақтық бөлініске келсек, 19 өңірде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғайған. Ұлытау (3,7 есе), Қызылорда (27,5%), Жамбыл (27,3%), Павлодар (27,2%), Батыс Қазақстан (17%), Ақтөбе (13,1%), және Шығыс Қазақстан облыстарында (12,7%), Шымкент (33%) және Алматы қалаларында (17%) . Ал, Атырау облысында керісінше 9,7% азайған. 

Пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 6334,1 мың шаршы метрді құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,9% өсіп, 5122,1 мың шаршы метрді құрады. Олардың ішінде 3464,1 мың шаршы метр – көппәтерлі, ал 1645,9 мың шаршы метр – жеке тұрғын үйлер.

Тұрғын үйлердің басым бөлігін – 4952,4 мың шаршы метрді немесе 96,7% жеке құрылыс салушылар, оның ішінде, 1717,6 мың шаршы метрді халық пайдалануға тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу