Елімізде құс еті өндірісі артты

2025 жылға қарай жергілікті компаниялар құс еті импортын толық алмастырады деп күтілуде.  

Елімізде құс еті өндірісі артты Фото: qazaqstan.tv

Ұлттық статистика бюросының 2022 жылдың 9 айындағы мәліметі бойынша елімізде құс еті өндірісі 2,8%-ға артты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 214,6 мың тоннаға жоғары. Жұмыртқа өндірісі 5,3%-ға немесе 3,82 млрд данаға өсті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазақстандық кәсіпорындар нарықты жұмыртқамен 101% қамтып отыр.  Құс етімен қамту 50%-дан 65%-ға дейін артты. Осылайша, 2025 жылға қарай жергілікті компаниялар құс еті импортын толық алмастырады деп күтілуде. Жоспар жаңа құс фабрикаларын салу және жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларын жаңғырту есебінен жүзеге асырылмақ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құс еті мен тағамдық субтауар импорты 18,1% артып, 75 361 мың долларды құрады. Ал салмағы бойынша көрсеткіш 18,8% төмендеді.

Елімізге құс етін негізгі импорттаушы – АҚШ. Теңіздің арғы бетіндегі елден 59 982 мың доллардың (79,6%) өнімі жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу