Елімізде қымыз өндірісі 9,2 пайызға азайды

651

Есесіне шұбат өндірісі артқан. 

Елімізде қымыз өндірісі 9,2 пайызға азайды Фото: inbusiness.kz

2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 9,2%-ға төмендеген, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, былтырғы қаңтар-қараша айлары аралығында республикамызда 1520 тонна қымыз өндірілген. 2021 жылдың сәйкес  кезеңінде ұлттық сусын өндірісі 154 тоннаға артық болған.

"Шұбат өндірісі 7,8%-ға артты. Өткен жылдың 11 айында түйе сүтін өндірушілер 2 644 тонна шұбат алды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 191 тоннаға артық", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу