Қызылша анықталған жағдайда екпе алмаған балалар балабақша мен мектепке уақытша қабылданбайды. Бұл шара инфекцияның таралуын тежеуге бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құжат 19 ақпаннан бастап күшіне енді.
Қаулыға сәйкес, білім беру басқармаларының басшылары балаларды вакцинамен қамту деңгейін кемінде 90%-дан төмен түсірмеуді бақылауға, сондай-ақ білім беру ұйымдарында күн сайын "таңғы тексеріс" жүргізуге міндетті.
Яғни, таңертең оқушылар мен педагогтер тексеріліп, ауру белгілері бар адамдардың ғимаратқа кіруіне жол берілмейді. Сонымен бірге ата-аналарға иммундаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.
Осылайша қызылша тіркелген жағдайда екпе алмаған балаларды балабақша мен мектептен уақытша шеттету тапсырылып отыр.