Елімізде Lady Farmer байқауы басталды

100

Байқаудың мақсаты – еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінде еңбек ететін және өз бизнесін жүргізіп жүрген әйелдерді қолдау.  

Елімізде Lady Farmer байқауы басталды Фото: vsemirnyjbank.org

Ұлттық Lady Farmer байқауы ресми түрде бастау алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бастама ауыл шаруашылығымен айналысатын әйелдерге өз жетістіктерін көрсетуге, тәжірибесімен бөлісуге және агросектордың дамуына қосқан үлесі үшін лайықты марапат алуға мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика мәліметтері бойынша, Қазақстанның ауылдық жерлерінде 3 миллионнан астам әйел тұрады.

Олардың көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді. Ал елдегі әрбір төртінші шаруа қожалығы немесе жеке кәсіпкерлік әйел адамның басшылығымен жұмыс істейді.

– Байқауға жаңа бастаған фермерлер де, ірі агрокәсіпорындардың басшылары да қатыса алады. Әсіресе, инновациялар енгізіп, ерекше шешімдер таба білетін және шаруашылығын дамытуға ұмтылатын қатысушыларға баса назар аударылады, – дейді байқауды ұйымдастырушылар.

Финалға шыққандар AgroQueen 2025,  Miss Green Energy,  Ауыл Girl Power номинациялары бойынша анықталады.

Қазылар алқасының құрамында аграрлық БАҚ өкілдері мен танымал агроблогерлер бар.

Байқаудың финалы мен марапаттау рәсімі 2025 жылдың 17 шілдесінде Jańa Dala / Green Day 2025 халықаралық мамандандырылған көрме-көрсетілімі аясында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу