Елімізде МӘМС енгізілгеннен бастап 90%-дан астам адам сақтандырылған

239

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің тарихында алғаш рет ел азаматтарының 90%-дан астамы сақтандырылған мәртебеге ие болып, кең көлемді медициналық көмек пакетіне кепілдендірілген қолжетімділік алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елімізде МӘМС енгізілгеннен бастап 90%-дан астам адам сақтандырылған Фото: canva

Бұл нәтиже Мемлекет басшысыныңтапсырмасымен жүзеге асырылғанжүйелі өзгерістердің арқасында мүмкін болды. 2025 жылдың шілде айында Қазақстанда МӘМС жүйесіне бірқатар маңызды жаңашылдықтарды енгізу туралы заң қабылданды.

Қабылданған заң аясында биылғы жылдың қаңтарынан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен МӘМС жүйесіарқылы дағдарыс және төтеншедеңгейдегі (D және E санаттары) шамамен1 миллион адам қосымша қамтылды.

Бұл дегеніміз, табысы төмен тағы 5% Қазақстан азаматтары МӘМС арқылы жоспарлы медициналық көмекке қолжеткізді.

Алғаш рет тәжірибеде әкімдіктер дағдарыстық (D) және төтенше (E) деңгейдегі жұмыссыз азаматтардың МӘМС жүйесіне жарналарын төлейтін механизм енгізілді.

Қиын өмірлік жағдайда қалғанадамдар енді медициналық көмексіз қалмайды – бұл жауапкершіліктімемлекет өз мойнына алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу