Жыл басынан бері елімізде мемлекеттік сатып алулардағы тендерлердің 40 пайызы іске аспай қалған. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Бас қаржыгер үкімет басшысының сауалына жауап бере келе, жүзеге аспаған сатып алулардың түгелі дерлік, яғни 80 пайызы құрылыс саласына негізделгенін, Басты мәселе сатып алулардағы байқау құжаттары жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес болуы керектігін және бұл орайда құрылыс саласындағы сирек құрал-жабдықтарға деген қолжетімсіздікті мысал етті. Ал мамандардың айтуынша бұл арада проблема тапсырыс беруші мен орындаушыда да емес.
Сәбит Ахметов, ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры:
"Ол жалпы мемлекеттік сатып алушы органдардың кінәсі деп те айтуға да болмайды. Себебі заңда көрсетілген өзінің талаптарына сай болмағандықтан деген фактілер бар. Соны болдырмау үшін жүйелі түрде сол заңнаманы жеңілдету, сол конкурстар бойынша сатып алуды жүргізу. Қазір сол бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз."
Қаржылық проблема тек бұл министрлікте емес. Айтар болсақ бюджеттің тиімсіз пайдаланылуы Денсаулық сақтау министрлігінде де бар. Сала басшысы Елжан Біртановтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдар медицина саласын дамытуға 1 трлн теңгені сұрап отырған көрінеді. Ал құрылыс нысандарын жоспарлау кезінде олардың бюджет ақшасын көптеп алуға деген құлшынысы мол. Мәселен, Астанада балаларға арналған инфекциялық емxанада бір жатын орынға 240 шаршы метр қарастырылған. Ондай көрсеткіш xалықаралық талаптардан екі есе артық, ал республика бойынша салынатын нысандардың көрсеткішінен алты есе жоғары болып тұр.