Мемлекеттік және жекеменшік 34 мектептің құжаты дұрыс рәсімделмеген – министр

435

Сот органдары мекемелерге лицензиясыз білім бергені үшін айыппұл салды.  

Мемлекеттік және жекеменшік 34 мектептің құжаты дұрыс рәсімделмеген – министр Фото: inform.kz

Мұны Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ал, өткен жылы аттестаттау рәсімі 2 мың 363 ұйымда өткізілді, оның 77 пайызы талапқа сай болмай шықты. Сондай-ақ, министр мектеп түлектері аттестатпен қоса колледж дипломын алатынын тілге тиек етті. Яғни техникалық және кәсіптік білім беруде, колледждер базасында, жоғары сынып оқушыларына, жұмыс білік-тілігін беру бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ. Айта кетейік, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында 400-ге жуық мектеп салынады.

"Мектепке дейінгі, орта және техникалық білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық азайтылып ашықтық пен адалдық қамтамасыз етіледі. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды белсенді түрде насихаттаймыз. Сонымен қатар білім сапасын арттыру үшін "Қазақстанның еңбек ері", "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне қатысады. Яки білім беру саласындағы тәуелсіз кәсіби сарапшылар институтын дамытамыз", - дейді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу