Елімізде микроқаржы ұйымдары 6,1 млрд теңге салық төлеуден жалтарған

120

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тексеру қорытындысын сот органдары растаған.  

Елімізде микроқаржы ұйымдары 6,1 млрд теңге салық төлеуден жалтарған Фото: digitalbusiness.kz

4 микроқаржы ұйымы салықтан жалтару үшін өз жұмыстарында "кепілдік" деп аталатын шарттарды пайдаланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде жалпы айналым 55,9 млрд теңгені құрап, ал төленбеген қосылған құн салығының сомасы 6,1 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар шамамен 26 млрд теңге сомасындағы операциялар салықтан босатылған деп көрсетілген. Қазір осыған байланысты тексеріс жүріп жатыр.

Қазақстанда микроқаржы ұйымдары салықтан тек қарыз беруге байланысты операция бойынша босатылған. Басқа қосымша қызметтерден салық төлеуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу