Мұғалімдер аттестаттаудан онлайн өтеді

974

Білім беру жүйесінде арнайы әзірленген "Ұстаз" ұлттық платформасы жаппай қолданысқа енгізілді.    

Мұғалімдер аттестаттаудан онлайн өтеді Фото: unicef.org

Бүгінгі таңда бұл жүйеге 640 мыңнан астам педагог тіркеліп, өздерінің жеке кабинетін ашқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың қатарына мектепке дейінгі, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздары кіреді.

Қазірдің өзінде 95 мыңнан астам мұғалім кәсіби біліктілігін растауды бастап кетті. Сонымен қатар 40 мыңға жуық педагогтың өтініші бойынша шешім қабылданып, олардың біліктілік деңгейі анықталған.

Платформаның басты артықшылығы – бағалау процесінің әділдігі мен ашықтығы. Мұғалімнің біліктілік деңгейі тек комиссияның шешімімен ғана емес, автоматтандырылған жүйе арқылы анықталады. Бұл тәсіл адам факторын азайтып, әділ бағалауға мүмкіндік береді.

Сала мамандарының айтуынша, онлайн аттестаттау мұғалімдерді үздіксіз даму мен өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады. Біліктілігін дәлелдеген ұстаздар лайықты деңгей мен қосымша ынталандыруға ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу