Елімізде мұнай тасымалдау құны қымбаттады

78

"ҚазТрансОйл" компаниясы мұнай айдау құнын көтермек.  

Елімізде мұнай тасымалдау құны қымбаттады Фото: kaztransoil.kz

Жаңа тариф 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай айдау қызметіне арналған жаңа тариф бекітті.

Тиісті бұйрық компания бас директоры, басқарма төрағасы тарапынан 2026 жылғы 29 сәуірде бекітілді.

Құжатқа сәйкес, жаңа тариф ҚҚС-сыз 1000 км-ге 1 тонна үшін 12 500 теңге мөлшерінде белгіленді.

Тарифтің өсуі 10,6% немесе 1200 теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу