Елімізде мұздатылған жайын мен көксерке экспортына 6 айға тыйым салынады

1874

Бұл бастама балық шикізаты тапшылығын болдырмау мақсатында қолға алынып отыр. Бұйрық жобасы 14 наурызға дейін жария талқыға ұсынылған.  

Елімізде мұздатылған жайын мен көксерке экспортына 6 айға тыйым салынады Фото: Google

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті "Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы" бұйрық әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жаңа мұздатылған немесе салқындатылған балықтың жекелеген түрлерін (жайын және көксерке) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - деп жазылған бұйрықта.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің түсіндіруінше, қайта өңделмеген балықты экспорттауға тыйым салу мәселесі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау үшін пысықталды.

2022 жылы жылына 142 мың тоннаға жуық балықтың 31,2 мың тоннасы қайта өңделген, яғни жүктеме 22 пайызды құрады. Осыған байланысты жайын мен көксеркенің экспортына 6 айға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу