Елімізде неміс техникалық жоғары оқу орындарының өкілдіктерін ашу ұсынылды

509

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Бундестаг депутаты Натали Павликтің тең төрағалығымен Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселелері жөніндегі Қазақстан-Германия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 19-шы отырысы өтті. 

Елімізде неміс техникалық жоғары оқу орындарының өкілдіктерін ашу ұсынылды Фото: gov.kz

Министр орынбасары Қазақстанда білім берудегі Германияның кәсіптік-техникалық моделін одан әрі енгізу және ҚР-да неміс техникалық жоғары оқу орындарының өкілдіктерін ашу жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты, деп жазады Inbusiness.kz.

"Өзінің алғы сөзінде Р. Василенко Қазақстанның біртұтас әлеуметтік-мәдени кеңістігінде әртүрлі халықтардың бірлесіп өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселесінің ерекше маңыздылығын атап өтті, сондықтан Қазақстанда білім берудегі Германияның кәсіптік-техникалық моделін одан әрі енгізу және ҚР-да неміс техникалық жоғары оқу орындарының өкілдіктерін ашу жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты", - делінген СІМ хабарламасында.

Отырыс аясында неміс тарапына "Возрождение" қорының, Орталық Азиядағы жалғыз Қазақстан-Неміс университетінің, неміс мәдени орталықтарының, мектептерінің, ТМД кеңістігіндегі жалғыз мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театрының, сондай-ақ апталық, неміс тілді "Deutsche Allgemeine Zeitung" газетінің қызметі туралы ақпарат ұсынылды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның неміс этносын кешенді қолдау бойынша екі ел үкіметтерінің болашақ шараларын көздейтін Коммюникеге қол қойды.

Жалпы Қазақстан-Германия ҮАК отырыстарының тұрақты өткізілуі Қазақстанда тұратын 226 мың этникалық немістерді, сондай-ақ неміс тілі мен мәдениетіне қызығушылық білдіретін басқа да азаматтарды қолдауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу