Елімізде өлім-жітім көрсеткіші артты

767

Бірінші тоқсанда 36 мың адам қайтыс болған. 

Елімізде өлім-жітім көрсеткіші артты

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16%-ға жоғары. Кейбір аймақтарда қайтыс болғандар санының жылдық өсімі 25% -27%-ға дейін жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ke сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанға індет келген сәттен бастап осы жылдың 23 мамырына дейін елімізде 375 мың коронавирусқа шалдыққан (коронавирустық инфекцияға оң ПТР-мен)  науқас тіркелді, 3,8 мың адам қайтыс болды.  Ал ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен жағдайлар саны (22 мамырға дейін) 54,7 мың, 3,3 мың адам қайтыс болды.

Қазіргі кезде 33 мың адам емдеуді жалғастыруда (32,5 мың адам - ​​КВИ +, 523 адам - ​​КВИ−), оның 13 мыңы стационарларда, 20 мың адам амбулаториялық емде жатыр.

Көз жұмғандар туралы деректер Денсаулық сақтау министрлігі ұсынғаннан сәл өзгеше. Мәселен, 2021 жылдың бірінші тоқсанында елде 36,1 мың қазақстандық қайтыс болды. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 15,8% ғана көп.  1000 адамға шаққандағы өлім коэффициенті бір жыл бұрын 6,7-ге қарсы 7,71 көрсеткішін құрады.

Салыстырып көрейік. 2020 жылдың осы кезеңінде қайтыс болғандар саны 31,2 мың адамды болды, жылына 7,5% төмендеді. Бұрын өлім-жітімнің бірінші тоқсандағы ең үлкен өсімі 2016 жылы байқалған. Сол кезеңде көрсеткіш 2,9% артқан. Өлім санының нақты өсімі 3% болғанның өзінде, статистика кем дегенде 3,8 мың жағдайға артуы керек. 

Өңірлер бойынша қайтыс болғандардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 3,9 мың адам - ​​бір жыл бұрынғыдан 18,2% артық.
Одан кейін Алматы (3,7 мың адам) және Қарағанды ​​(3,5 мың адам) облыстары тұр.

Ал ең төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында тіркелген: 773 адам.
Өлім санының ең көп өсуі Қостанай (жылына + 27,2%), Солтүстік Қазақстан (+ 25,2%) және Павлодар (+ 23,8%) облыстарында байқалды.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу