Елімізде өмірді сақтандыру қызметіне сұраныс артты

846

Өткен жылы секторға түскен сыйақы мөлшері 228,9 млрд теңгені құрады. 

Елімізде өмірді сақтандыру қызметіне сұраныс артты

Биылғы жылдың басындағы жағдай бойынша елімізде адам өмірін сақтандыратын 9 компания тіркеліп, қызметін жалғастыруда. Аталған нарық жылдан-жылға ұлғайып келеді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.  

Соңғы 5 жылда сектордың активтері 3,7 есе, ал жалпы сақтандыру саласындағы компаниялардың активтері 45,4%-ға өсті.

2020 жылы адам өмірін сақтанрыду қызметінен түскен сыйақы 228,9 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16% жоғары (197,3 млрд теңге). Бұл көрсеткіш рекордтық болып саналады. Соңғы 3 жылда өмірді сақтандыру саласынан түскен сыйақы көлемі орта есеппен жылына 39,5%-ға артуда. 

Бұл жинақтық сақтандыру нарығының дамуына байланысты қалыптасып келе жатқан үдеріс. Оның басты артықшылығы – жинақтық сақтандыру ұзақ мерзімді инвестициялауға және жинақтарыңызға кепілдік береді. Банктер қарапайым депозиттер бойынша 10 жылға келісім шарт жасаспайды. Ал сақтандыру шарттары 5 жылдан 20 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу