Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 100 мың теңгеге де жетпейді

851

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыға 772,3 млрд теңге және ынтымақты зейнетақыға 1 721,5 млрд теңге төленді.

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 100 мың теңгеге де жетпейді

"2020 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 211,7 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 65,6 млрд теңге, 1998 жылға дейін жұмыс істегендерге берілетін зейнетақыны төлеуге – 146,1 млрд теңге бағытталды", – деп жазылған хабарламада. 

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде зейнет жасындағылар саны 2 млн 247 мың адамды құрайды. Осылайша қарттарға төленетін орташа зейнетақы мөлшері 94 733 теңгеге жеткен. Бұл базалық зейнетақы төлемін қосқандағы сома. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу