Елімізде орташа жалақының қанша екені жарияланды

875

Еліміздегі ең төменгі орташа жалақы Түркістан облысында (166 мың теңге).  

Елімізде орташа жалақының қанша екені жарияланды

2020 жылдың 4 тоқсанында (қазан, қараша, желтоқсан) елордада орташа айлық жалақы 349 649 теңге болған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюро мәліметінше, өткен жылдың 4 тоқсанында елордадағы орташа жалақы – 349 649 теңге (2019 жылдың осы кезеңінде 308 135 теңге), Алматыда – 274 414 мың теңге (2019 жылдың осы кезеңінде 248 668 теңге), Шымкентте – 178 126 теңге (2019 жылдың осы кезеңінде 152 569 теңге) болды.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 4 тоқсанында орташа жалақы бойынша жоғары көрсеткіш Маңғыстау және Атырау облыстарында тіркелген.

Маңғыстау облысында орташа жалақы – 337 727 мың теңге (2019 жылдың осы кезеңінде 309 102 теңге), Атырау облысында – 377 446 теңге (2019 жылдың осы кезеңінде 345 227 теңге).

Ең төменгі орташа айлық жалақы Түркістан облысы – 166 742 теңге (2019 жылдың 4 тоқсанында – 138 124 теңге), Солтүстік Қазақстан облысында – 168 899 теңге (2019 жылдың 4 тоқсанында – 141 049 теңге).

Ұлттық статистика бюросына мәліметінше, еліміздегі орташа айлық жалақы – 222 261 теңге (2021 жылдың қаңтары).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу