Елімізде өткен тәулікте 610 адамнан коронавирус індеті анықталды

435

Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Елімізде өткен тәулікте 610 адамнан коронавирус індеті анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 610 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы шұғыл штаб хабарлап отыр.

Бұл жолы да ШҚО-да өзге өңірлерге қарағанда індет жұқтырғандар саны көп тіркелді – 254. Одан кейінгі тіркелу жағдайы көп Павлодар облысы болып тұр, 1 тәулікте 61 адамнан вирус анықталған.

Үш мегаполис: Нұр-Сұлтан қаласында – 29, Алматы қаласында – 26, Шымкент қаласында – 3 жағдай анықталды.

Ал Ақмола облысында – 42, Ақтөбе облысында – 9, Алматы облысында – 13, Атырау облысында – 4, Жамбыл облысында – 4, Батыс Қазақстан облысында – 45, Қарағанды облысында – 16, Солтүстік Қазақстан облысында – 42, Қостанай облысында – 60, Түркістан облысында 2 адам індет жұқтырғаны белгілі болған.

 Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 116772.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу