Елімізде пандемия кезінде жұмыссыздар саны 4,5 есе артқан

1097

Өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болған.

Елімізде пандемия кезінде жұмыссыздар саны 4,5 есе артқан

2020 жылдың екінші тоқсанында (сәуір, мамыр, маусым) уақытша  жұмыссыздардың саны 4,5 есе өсіп, 536 мың адам болған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы жұмыс күшінің саны 9,2 млн адам болған. Оның ішінде 6,7 млн адам жалдамалы жұмыс істеген, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 2 млн адам. 

2020 жылы 449 мың адам (4,9%) адам жұмыссыз жүрген.

Ол коронавирус пандемиясы еңбек нарығына теріс әсерін тигізгенін ашық айтты.

«2019 жылдың төртінші тоқсанында уақытша жұмыс істемейтіндердің саны 99 мың адам, ал 2020 жылдың екінші тоқсанында уақытша жұмыс істемейтіндердің саны 536 мың болды немесе коронавирус пандемиясы кезінде жұмыссыздардың саны 4,5 есе өсті», - деді Ержан Біржанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің орынбасары кейін бұл көрсеткіш төмендегенін жеткізді. 

«Өткен жылдың аяғында уақытша жұмыс істемейтіндердің саны 47 мың болды. Бұл жүргізілген шаралардың тиімділігін көрсетеді. Осылайша, елдегі жұмыссыздықты 4,9% деңгейінде сақтап қалдық», - деді вице-министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу