Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автомобильдердің эксперименттік жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың екінші тоқсаны. Елімізде технологиялық шешімдерді енгізу үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасуда. Жеке бастама шеңберінде жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр", – деді вице-премьер.
Мәдиевтің айтуынша, бұл қалалық ұтқырлық пен логистиканың жаңа үлгілерін сынауға мүмкіндік береді.