Елімізде Ресейдің көмір тиелген вагондары "бұғатталып" тұрғаны рас па?

1322

ТМД медиа-кеңістігінде "Қазақстан өз аумағында көмір тиелген ресейлік 1 700 теміржол вагонының қозғалысын бұғаттап тастаған" деген ақпарат таралуда.

Елімізде Ресейдің көмір тиелген вагондары "бұғатталып" тұрғаны рас па?

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, Қазақстан аумағында көмір тиелген 1 700 бірлік көлеміндегі ресейлік вагондар жоқ. РТЖ жолдарында да Қазақстанға бағытталған я болмаса Қазақстаннан шыққан көмірі бар вагондар тіркелмеген. 

"Ресей темір жолдарымен штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, экспорт пен импорт бойынша ешқандай кідіріс жоқ", – дейді ҚР ИИДМ Көлік комитеті теміржол инфрақұрылымы және жүк тасымалы басқармасының басшысы Сәтжан Өзбеков.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресейлік транзиттік вагондардың кешігуі туралы жалған ақпаратты – екі ел арасындағы тату көршілік қатынастарды әлсіретіп, беделін түсіруге бағытталған қасақана жасалған іс-әрекет деп санайды.

Сондай-ақ ҚР ИИДМ жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан және Ресей заңнамасында да жауапкершілік көзделгенін еске салады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу