Елімізде ресми түрде 450 мыңнан астам адам жұмыссыздар қатарында

615

Ұлттық статистика бюросы осы жылдың III тоқсаны бойынша еңбек нарығындағы жағдайға қатысты деректерді жариялады.

Елімізде ресми түрде 450 мыңнан астам адам жұмыссыздар қатарында Фото: voxpopuli.kz

Қазақстанда 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6,7 млн жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 12,5 мыңға артқан. Жалдамалы қызметкерлер саны 28,5 мың адамға өсіп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 16 мың адамға азайған.

"Толық жұмыспен қамтылмағандар (жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер) саны алдынғы тоқсанмен салыстырғанда 8% өсіп, 299,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі – тұрақты (4,9%)", - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Елде 450,3 мың адам жұмыссыз. 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%-ды құраған.

NEET санатындағы жастар үлесі 0,1%-ға өсіп, 6,5%-ға жеткен.

Осы жылдың қазан айының соңында 238,2 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Олардың үлесі өткен жылға қарағанда 0,5%-ға артып отыр.

Ұлттық статистика бюросы, еңбек нарығы, статистика, жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу