Кейінгі онжылдықта сәби өлімі шамамен 2 есе азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Өткен жылы 1 жасқа дейін шетінеген балалар саны 24,2%-ке қысқарды. Әсіресе ауылдық жерлерде жағдай айтарлықтай жақсарған.
Ең жақсы көрсеткішті Ақтөбе облысы (-48%), Ақмола облысы (-42,9%) және Қостанай облысы (-42,5%) көрсетті. Ал ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында байқалды: 2024 жылы 46 баладан 2025 жылы 45 балаға (-2,2%) азайды.
1 жасқа дейінгі балалар өлімі халық тығыз қоныстанған оңтүстікте тіркелді:
- Түркістан облысында – 325;
- Алматы облысында – 176, Алматы қаласында – 155;
- Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында – әрқайсысында 150 бала;
- Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында – 24 бала.
2025 жылы мың нәрестеге шаққандағы өлім коэффициенті алғаш рет ел тарихында 6-дан төмендеп, 5,97 болды. Он жыл бұрын 9,46 пайыз болған. Яғни кейінгі он жылда көрсеткіш шамамен 40%-ға төмендеген.
Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық әлі бар, бірақ азайып келеді: 2025 жылы қалаларда 1 мың туған нәрестеге шаққанда 5,53 бала шетінесе (2024 жылы – 6,46), ауылдарда 6,66 бала көз жұмды (2024 жылы – 7,92).