Елімізде салынатын жаңа МӨЗ-ге қатысты негіздемені франциялық компания әзірлейді

578

Бельгия астанасында "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры франциялық Technip Energies компаниясының еншілес компаниясы Genesis мекемесімен келісімге қол қойды.  

Елімізде салынатын жаңа МӨЗ-ге қатысты негіздемені франциялық компания әзірлейді Фото: kmg.kz

Шетелдік мамандар бұл құжат аясында Қазақстандағы төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлейді. Жобаны дайындау жұмыстарына қазақстандық серіктеспен бірлескен "TKJV" кәсіпорны да қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты Kursiv.kz порталына сілтеме жасап.

Жаңа зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Қашаған мен Теңіз кен орындарының мұнайы, сондай-ақ мұнай құбырлары арқылы жеткізілетін мұнай қоспалары пайдаланылмақ. Жобаның зерттеу және іздестіру жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.

"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, зауыт құрылысына қатысты түпкілікті инвестициялық шешім осы ТЭО жұмыстары толық аяқталып, барлық тәуекелдер бағаланғаннан кейін ғана қабылданады.

Technip Energies компаниясының Қазақстанның мұнай-газ саласында үлкен тәжірибесі бар. Ол бұған дейін Павлодар және Шымкент зауыттарын жаңғыртуға қатысқан.

Сондай-ақ Қарашығанақ кен орнын игеру жобаларына атсалысып, QazaqGaz басқаруындағы Қашаған газ өңдеу зауытының жобасына үлес қосқан.

Әзірге Қазақстандағы төртінші ірі мұнай өңдеу зауыты нақты қай жерде салынатыны белгісіз. Қазақстандағы ең ірі мұнай өңдеу зауыты Шымкент қаласында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу