Елімізде сантехника шығаратын алғашқы зауыт салынады

313

Испанияның Roca Group компаниясы Қызылордада сантехника шығаратын зауыт алғалы жатыр.  

Елімізде сантехника шығаратын алғашқы зауыт салынады Фото: gov.kz

Санитарлық-техникалық бұйымдар шығаратын ірі зауыт инвестор есебінен салынатын өңірдегі ең ауқымды жобалардың бірі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өндірістік кәсіпорынды салуға италиялық "Roca Group" компаниясы 44 млрд.теңге қаржы жұмсамақ. Жоспар бойынша бұл нысан екі жылда толық пайдалануға беріледі. Бүгін өңір экономикасы үшін аса маңызды нысанның капсуласы салтанатты түрде орнатылды.

Жылына 500 мыңға жуық сантехникалық өнім шығаруға қауқарлы зауыт іске қосылғанда, жергілікті тұрғындар үшін 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

"Roca Group" компаниясы сантехникалық жабдықтар өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Жүз жылдан астам тарихы бар компания әлем бойынша 78 өндірістік алаңды басқарады. Онда 20 мыңнан астам адам еңбек етуде. Өнімдері 170-тен астам елге экспортталады. Әлемдік бренд Сыр елі арқылы нарықтағы ауқымын кеңейтуді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу