Елімізде сәуір айында 171,4 мың бірлік автокөлік есепке қойылды

430

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылғанына 20 жылдан асқан көлік саны басым.  

Елімізде сәуір айында 171,4 мың бірлік автокөлік есепке қойылды Фото: google.com

2023 жылғы сәуірде есепке 171,4 мың бірлік автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есеге жоғары. Оның ішінде жеңіл автомобильдер мен автобустар – әрқасйсысы 2,4 есе, жүк автомобильдері 2,5 есе артты.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Мәселен, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 730,7 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,6%-ы – жеңіл автомобильдер, 10,3%-ы – жүк автомобильдері және 2,1%-ы – автобустар.

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылғанына 20 жылдан асқан көлік саны басым – 48,3%, 10 жылдан 20 жылға дейін – автопарктің 22,1%, 7 жылдан 10 жылға дейін – 14%, 3 жылдан 7 жылға дейін – 6,3% және автокөлік құралдарының тек 9,2%-ның шығарылған жылы 3 жылдан кем. 

Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 жылдан асатын автомобильдер саны 2%-ға азайған.

2023 жылғы сәуірде 3353 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4785 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14,8%-ға азайды.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 20,9 млн теңге сомасына 37276 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу