Елімізде "Шағала" ұшқышсыз ұшу аппараты полигонда сынақтан өтуде (Видео)

1423

"Шағала" жаңа барлау ұшқышсыз авиация кешені сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

Елімізде "Шағала" ұшқышсыз ұшу аппараты полигонда сынақтан өтуде (Видео)

Бұл аппараты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары жасаған. Қазіргі заманғы әскери қақтығыстарда ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, осындай құрылғылар жасау қажеттігін дәлелдеді

Ұлттық қорғаныс университетінде қарсыластың бронды техникасы мен күшіне қарсы тиімді қару ретінде тек барлау дрондарын ғана емес, сонымен қатар соққы беруші ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдануға да талдау жасалды. "Шағала" барлаушы ұшқышсыз ұшу аппаратының тәжірибедегі нұсқасы бағдарламалық-аппараттық байланыс арнасымен, байланыс арнасы қорғалған жеке криптографиялық хаттамамен жабдықталған.

"Ұшқышсыз ұшу аппараты ауқымында әскерлерді отандық туындылармен қамтамасыз етуге деген ұмтылыс қуантады. Дегенмен, қазақстандық құоылғының өзге мемлекеттердің аппараттарынан айырмашылығы болуы керек. Басқаша айтқанда біздің аппаратымыз тактикалық-техникалық сипаттамалары жағынан қазақстандық армияның барлық қажеттіліктерін, еліміздің географиялық ерекшеліктеріг ескере отырып дайындалуы керек", - деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев.

Зерттеуге арналған үлгіні полигонда сынақтан өткізу кезінде әскери ғалымдар төмен температураға төзімді қуат көзінің жаңа өнімін сынақтан өткізді. Ерекше аккумулятор батареяларын Ұлттық қорғаныс университетінің мамандары ойлап тапты.

"Шағала" ұшқышсыз ұшу аппаратын шығару үшін отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерін ескере отырып, қызмет көрсету, техниктер мен операторларды оқыту бағдарламалары, сондай-ақ Қарулы Күштердің оқу орындары мен бөлімдерінде оны енгізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты операторларының жауынгерлік даярлық курсы әзірленді.

Әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы полковник Қуандық Ақшолақовтың айтуынша, "Шағала" ұшқышсыз ұшу аппараты осыған ұқсас шетелдік аппараттардың техникалық сипаттамаларынан кем түспейді, керісінше өзіндік артықшылықтарға ие.

"Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшу қашықтығы 30 шақырымға дейінгі аралықты құрайды. Ауада ол екі жарым сағатқа дейін болады, желдің екпіні секундына 14 метрге дейін күшейген кезде, ауада өзін тұрақты ұстайды. Болашақта біз оны взводтан батальонға дейінгі буындағы әскерлердің қару-жарақ қатарына қосуды жоспарлап отырмыз", - деді әскери ғылыми-зерттеу орталығының бастығы полковник Қуандық Ақшолақов.

Сынақ ретіндегі ұшулар бағдарламасында "Шағала" ұшқышсыз ұшу аппаратын дайындаудың әртүрлі кезеңдері мен жұмыс режимдері ұсынылды. Ғылыми жұмыстың нәтижелері патенттелген және де тәжірибе аяқталғаннан кейін барлық атқарылған жұмыстар Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу