Елімізде шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтады

104

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады.  

Елімізде шетелдіктерге ЖСН беру қызметі уақытша тоқтады Фото: kaztag.kz

10-13 сәуір аралығында ХҚКО-ларда және Көші-қон қызметі орталықтарында шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Уақытша шектеуге 9 сәуірде мемлекеттік орган тарапында техникалық ақау себеп болған. Техникалық ақауды қалпына келтіру үшін алдағы екі күнде ЖСН қалыптастыру қызметі уақытша қолжетімсіз болады.

"Мемлекеттік орган тарапындағы ақаулар қалпына келтірілгеннен кейін, қызметтің қолжетімділігі туралы қосымша хабарланады", – деп ескертті ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбедегі ХҚКО-да шетелдіктерге жалған құжат әзірлеп, заңсыз көші-қон ісімен айналысқан қылмыстық топ туралы жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу