Елімізде скрининг жүйесі жаңарды

77

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Елімізде скрининг жүйесі жаңарды Фото: liter.kz

Қазақстанда денсаулық скринингі бағдарламалары жаңартылды. Өзгерістер ауруларды ерте анықтаудың тиімділігін арттыруға және халықты қамтуды кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дәлелді тиімділігі бар зерттеулер енгізілді: соның ішінде: – ТТЛП (төмен тығыздықтағы липопротеидтер), – триглицеридтер, - гликирленген гемоглобин.

Скринингке қатысу жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды: бұл профилактикалық бағдарламаларға егде жастағы адамдарды көбірек тартуға мүмкіндік береді.

Арнайы мамандардың негізсіз консультациялары алынып тасталды. Егер зерттеу нәтижелері қалыпты болса, скринингті мейіргер – басқа мамандарға жолдамасыз аяқтауы мүмкін .

Цереброваскулярлық бұзылулардың алдын алу үшін МӘМС-ке 50 + ерлерге арналған жаңа скрининг енгізілді: брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуі екі жылда 1 рет.

Қыркүйек айынан бастап онкоскринингтердің барлық кезеңі ТМККК шеңберінде қолжетімді болды, бұл зерттеп-қараудан өтуді жеңілдетеді және халыққа қаржылық жүктемені азайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу