Елімізде соңғы 10 жылды 2 мыңнан аса трансплантация жасалды

611

Қазақстанда туыс донордан жасалатын трансплантацияның үлесі 84,2%-ды, қайтыс болған донордан жасалатын 15%-ды құрайды.

Елімізде соңғы 10 жылды 2 мыңнан аса трансплантация жасалды

Елордадағы трансплантациядан кейінгі адамдар мен диализдегі пациенттер арасында өткен Еуропа спорт чемпионатына қатысқан Қазақстан құрамасының қорытынды баспасөз конференциясы өтті. 

Жиында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күляйм Біржанова елімізде трансплантацияны дамытудың жүйелі шаралары туралы баяндады, деп жазды inbusiness.kz.

"2012 жылы 8 тамызда Қазақстанда Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының базасында алғаш рет донор жүрегінің трансплантациясы жасалды. 2012 жылдан қазірге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына 2000-нан аса мүше трансплантациясы жасалды, оның ішінде 87-сі жүректі алмастыру бойынша. Қазақстанда туыс донордан жасалатын трансплантацияның үлесі 84,2%-ды, қайтыс болған донордан жасалатын трансплантация 15%-ды құрайды", – деп мәлімдеді К.Біржанова.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директор орынбасарының айтуынша, елімізде мүше донорлығын дамыту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар жүйелі шаралар қабылдады. 

Мәселен, нормативтік-құқықтық база жетілдірілді. Атап айтқанда, азаматтардың қайтыс болғаннан кейін ағза мүшесі доноры болуға ықтиярын egov.kz порталында іс жүзінде білдіру құқығы реттеліп, донорлық ұйымдардың өлі донорларды кондициялау шығындарын өтеу механизмін енгізілді, электронды форматтағы "күту тізімі" жасақталды, "Трансплантацияны үйлестіру" дәрігерлік мамандығы "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасына", ал  республикалық, өңірлік және стационарлық деңгейдегі трансплантация үйлестірушісі лауазымы "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымы номенклатурасына" енгізілді.

Еске сала кетейік, 2022 жылы тамызда Қазақстан құрамасы трансплантациядан кейінгі адамдар мен диализдегі пациенттер арасында өткен Еуропа чемпионатында 12 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық  есепте 18-орынға ие болды.

Чемпионатқа Еуропалық спорт федерациясына мүше 26 елден 400-ден аса спортшы қатысты. Бұл федерацияға 2018 жылдан бері Қазақстан атынан "Өмір тынысы" трансплантация жасалған науқастардың қоғамдық бірлестігі  өкілдік етеді.

Биылғы Еуропа чемпионатына Қазақстан құрама командасы сапында 2019 жылы республикалық жарыста жүлдегер атанған, жүрек және бүйрек трансплантациясын бастан өткерген, сондай-ақ диализдегі 16 спортшы  қатысты. Олар жүзу, үстел теннисті, дартс, боулинг, волейбол спорт түрлері бойынша сайысқа түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу