Елімізде соңғы үш айда 19 экстремист сотталды

264

Іздеуде жүргендердің бірі Түркияда қолға түскен.  

Елімізде соңғы үш айда 19 экстремист сотталды Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда маусым-тамыз айларында террористік және экстремистік қылмыстар жасаған 19 адам түрлі мерзімге сотталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми мәлімет бойынша, олардың бірі – Алматы қаласының тумасы 2017 жылдан бастап халықаралық террористік ұйымдардың іс-әрекетіне қатысқаны үшін іздеуде болып, нәтижесінде Түркиядан табылған. Ол жақтан 2025 жылы елге депортацияланып, қылмыстық іс аясында қамауға алынған. Сот шешімімен  8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дәл сол секілді Шымкент қаласының тұрғыны қоғамдық желілерде терроризм идеологиясын насихаттап, таныстарды зорлық-зомбылық акцияларға шақырған. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Осы кезең аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Манғыстау және Түркістан облыстарында жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 28 тұлға ұсталды. Олар терроризмді насихаттаған, діни араздықты қоздырған, интернетте және өздерінің айналасында тыйым салынған материалдарды таратқан және экстремисттік ұйымына қатысқан деген күдікке ілінді. Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу