Елімізде сот сарапшыларын аттестациядан өткізу талаптары өзгеруі мүмкін

105

Бұл туралы "Ашық НҚА" порталындағы бұйрық жобасында жазылған.  

Елімізде сот сарапшыларын аттестациядан өткізу талаптары өзгеруі мүмкін Фото: beresta.by

ҚР Әділет министрлігі ашық талқылауға шығарған құжатқа сәйкес сот сарапшысы біліктілігін растайтын емтиханға өзгерістер енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Құжат жобасы 30 қаңтарға дейін ашық талқылауға шығарылған. Оған сәйкес мамандарды аттестациядан өткізу қағидалары өзгермек.

"Бұйрық жобаларында Сот сарапшысының біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына және Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына өзгерістер мен нақтылаулар көзделген. Өзгерістер талаптардың өзектілігін арттыруға, дәлсіздіктерді жоюға және ережелерді қолданыстағы тәжірибеге сәйкес келтіруге бағытталған", – деп жазылған.

Сондай-ақ аттестациядан өту кезінде қолданылатын порталға қойылатын талаптар бекітіледі, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер арасындағы құқықтық қайшылықтар жойылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу