Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасы өзгермеуі мүмкін

232

Министрлік тиісті бұйрық жобасын әзірледі.

Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасы өзгермеуі мүмкін Фото: osken-onir.kz

Құжат "Ашық НҚА" порталына 27 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Энергетика министрлігі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын қазіргі деңгейде қалдыруды жоспарлап отыр.

Құжатқа сәйкес, ішкі нарыққа биржадан тыс жеткізілетін газдың құны бұрынғыдай тоннасына 59 722 теңге (ҚҚС есепке алынбағанда) деңгейінде бекітілмек.

Аталған баға 2026 жылдың басынан бері өзгеріссіз келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу