Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды

206

Портал арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралармен кез келген адам таныса алады.  

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды Фото: freepik.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария порталды іске қосты. Бұл ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Порталды пайдаланушылар өздерін қызықтыратын, онлайн тестілеу және сертификат алу мүмкіндігі бар оқу курстарын таба алады.

Әлеуметтік зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Сауалнамадан өту мүмкіндігі де көзделген.

Оның нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түзету және олардың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын болады.

Мұнда Transparency International халықаралық ұйымының жыл сайынғы зерттеу нәтижелері және сыбайлас жемқорлықтың жүйесі индексіндегі Қазақстанның позициясы қолжетімді.

Сонымен қатар, порталда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, лайықты мінез-құлықты тәрбиелеуге және қоғамда "заң мен тәртіп" идеологиясын қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер орналастырылған.

Бұл ресурста сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға да мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу