Келесі жылы тағы алты жол учаскесі ақылы болады деп жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты LS порталына сілтеме жасап.
Ақылы болатын бағыттар:
- Қарағанды – Балқаш – 363 шақырым;
- Бұрылбайтал – Құрты – 228 шақырым;
- Ақтөбе – Қандыағаш – 96 шақырым;
- Талдықорған – Өскемен – 768 шақырым;
- Атырау – Астрахань – 277 шақырым;
- Мерке – Шу – 78 шақырым.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл жолдар бойынша жол жүру құнын көтеру жоспарланбайды.
Жалпы алғанда, ақылы жолдардан түсетін болжамды кіріс көлемі шамамен 100 млрд теңге деп бағаланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу