Елімізде тағы бір қосымша демалыс күні пайда болуы мүмкін

823

Әзірге бұл мәселе қарастырылмады.

Елімізде тағы бір қосымша демалыс күні пайда болуы мүмкін Фото: pixabay

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Конституция күніне қатысты сұрақтарға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер: "Жаңа Конституция күні ұлттық мерекеге айналып, екі күн демалыс енгізілуі мүмкін бе?" деп сұрады.

"Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін 15 наурыз мереке күні болады. Яғни, бұл күн ресми демалыс күніне айналады. Екі күндік демалыс мәселесіне келсек, бұл сұрақ Үкімет деңгейінде қарастырылатын болады деп ойлаймын. Қазір бұл сұраққа жауап бере алмаймын", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз брифингінде.

Тілшілер: "Егер өтініштер түсіп жатса, онда Конституция күні мемлекеттік емес, ұлттық мереке деп таныла ма?" деп нақтылады.

"Меніңше, иә, бұл мәселені қарастыруға болады", – деп қысқа қайырды Виктория Шегай. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу